Елудегі еркелер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Елудегі еркелер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1603
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Жетегінде жылдардың желуменен,
Келіп қапты кемел шақ – елу белең.
Өмір деген ұлы кеш шеруменен,
Желден жүйрік жүйткиді көңіл дөнен.

Қайырмасы:
Елу деген ер жасы,
Кемел шағы – дер жасы.
Ер жігіттің елуде
Сабыр болар жолдасы.
Елу – жолдың ортасы,
Ақыл-ойдың ордасы.
Елуінде ер жігіт –
Ел бастаған қолбасы.

Түспей тұрып ақыл-ой сабасына,
Жиырманың жеттік пе бағасына?
Оғыз бенен қырықты таң асыра,
Елдің енді айналдық ағасына.

Қайырмасы.

Жиырма бестің заты жоқ, аты бар да,
Ей, жігіттер, елуде қапы қалма.
Тарта бергін тоқтамай батыл алға,
Арқа сүйеп арымас ақыл-арға.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елудегі еркелер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Елудегі еркелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елудегі еркелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елудегі еркелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері