Берсеңдерші бір хабар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Берсеңдерші бір хабар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1392
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Толқыны тербеп тағдырдын,
Шағала болдым шалғайда.
Жаныма жақын жан құрбым,
Шалқытып салар ән қайда?

Қайырмасы:
Алаулаған аспанда
Тыраулаған тырналар,
Ауылдағы асыл достарға
Берсеңдерші бір хабар.

Елімді қалған қиянда,
Қаншама жылдар сағындым.
Беріліп тәтті қиялға,
Төзімнен тұмар тағындым.

Қайырмасы.

Кезімен қайта айналып,
Қыс өтер, көктем, жаз келер.
Айнала қонып жайланып,
Айдынға аққу, қаз келер.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Берсеңдерші бір хабар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Берсеңдерші бір хабар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Берсеңдерші бір хабар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Берсеңдерші бір хабар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері