Жайдары мінезің

Бұл бетте «Жайдары мінезің» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1549
(«Арыс жағасында» әнінің ырғағымен)

Бойында Ембінің,
Кездестім мен күнім.
Жүректер сонда жырлап тек,
Жағада тұрмап па ек.

Қ-сы:
Жайдары мінезің,
Арманым бір өзің.
Батты, әне, баяу күн,
Сен жоқсың, аяулым.

Жанарың нұр төгіп,
Кеудеме жыр толып.
Тұрып ем, сәулем, түн тымық,
Өзіңе ынтығып.

Бардым мен тағыда,
Сол жерге сағына.
Біз тұрған бойлап жағаны,
Ерке Жем ағады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайдары мінезің өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Жайдары мінезің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайдары мінезің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайдары мінезің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері