Көңіл күйі – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Көңіл күйі» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.11.2018
  • 0
  • 0
  • 2077
Қуанатын шақтар бар,
Мұңаятын шақтар бар.
Қуаныштан кеудеме —
Құлап жатыр
Ақ қарлар,
Ақ таңдар.
Жаңбыр ыққан жақпарлар,
Жаңғырыққан шатқалдар.
Көңілімнің күнгейін,
Қарабүлшен
Жаппаңдар
Сақтандар.
Жарқылдаған жас жандар,
Жаудыраған аспан бар,
Жауқазынын жүректің
Жазым етіп —
Баспаңдар
Сақтаңдар...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері