Түнгі мұң – Айжан Табаракқызы

Бұл бетте «Түнгі мұң» атты Айжан Табаракқызы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Еңсемді ылғи басады осы түн неге?
Шер дегенің жеңіл емес кімге де.
Түсінем ғой жалғыздығын жаныңның,
Үндемеші, үндеме.

Бізге қазір керегі не ақылдың,
Өкінішін сездім жазған хатыңның,
Бір сағыныш көкірегімді сыздатып,
Жылай да алмай жатырмын.

Осыншама айналдырған санамды,
Бұл не сезім... бəрі түнек... қараңғы,
Ойнағысы келді-ау тағы тағдырым,
Тырнап ескі жарамды...

Бəрі бұлай бітетінін кім білген,
Қайда күндер, сен деп өмір сүргізген.
Күнəсі көп болса да сол кештерді,
Ұмыта алмай жүрмін мен...

Жүрек қанша қасіретті өткерді,
Сені бəлкім, бұл маңдайым көп көрді,
...Содан бері сенбей кеттім Өмірге,
Содан бері күтпей кеттім Көктемді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі мұң өлеңінің авторы кім?

Айжан Табаракқызы — осы өлеңнің авторы.

Түнгі мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Түнгі мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері