Кашпировскийден кейін

Бұл бетте «Кашпировскийден кейін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 858
Теледидардан көріп,
Кашпировскийге сеніп,
Жетпістегі Қасым
Әппақ қудай шашын
Қараяды деп бекініп еді,
Үш мәрте отырып еді.
Алдына алып шарайнаны,
Қарағанмен қараймады.
Төртінші рет абайлады,
Шашы тағы қараймады.
Содан кейін айлаға көшті,
Айласы пайдаға көшті.
Барды да жақын қалаға,
Боятып шашын қараға,
Сөздерімен жаттанды
Достарына мақтанды:
«Кашпировский құдірет,
Көргеннен кейін бір рет,
Қарайтты түгел шашымды,
Демікпем де басылды...».
* * *
Қасым сөйтіп бөсіп жүр.
Басқа шалдар таңданып:
«Рақымы Алланың
Қасымға-ақ түскен», – десіп жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кашпировскийден кейін өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кашпировскийден кейін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кашпировскийден кейін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кашпировскийден кейін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері