Түркі дұғасы – Ерлан Жүніс

Бұл бетте «Түркі дұғасы» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2594
Мен – парасатсыз,
Бұл әлемде махаббат барына сендім,
Адамдардың арына сендім,
Әулиелердің жолына сендім,
Қалалардың жанына сендім,
Таң дұғасын Шығыстан создым,
Түн дұғасын Батыстан создым,
Киесін корғағым келді Сөздің,
Нұрын сақтағым келді Көздің,
Оңтүстіктен ой шұғыласын шаштым,
Солтүстіктен сезім шұғыласын шаштым,
Құрлықтарды аштым,
Теңіздерді бастым,
Жаратушының берген Жырымен,
Табиғаттың берген Сырымен,
Қара тасты да шайыр қылғым келді,
Кара ағашты да биім қылғым келді,
Аш жүректерді тойындырғым келді,
Жалаңаштарын киіндіргім келді,
Бәрінің қасынан табылдым,
Бәріне құрбан шалдым,
Қара жерді жастандым,
Көк аспанды жамылдым,
Өз жүрегім жалаңаш,
Өз жүрегім аш қалды,
Өзім... жалғыз қалдым!
...Ең ғажабы, бұл маған ұнайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түркі дұғасы өлеңінің авторы кім?

Ерлан Жүніс — осы өлеңнің авторы.

Түркі дұғасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түркі дұғасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Жүніс өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түркі дұғасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері