Әмірхан Балқыбекке

Бұл бетте «Әмірхан Балқыбекке» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.05.2023
  • 0
  • 0
  • 1059
...Алақан шұңқырында күн аунаған,
Жаралған шығар, бәлкім, шыдауға адам...
Жер беті – жасыл болжам, қызыл күдік,
Бірінен, о, құдірет, бірі аумаған.

Жап-жасыл сәуле ойнатар жарқыраған,
Қоңыр шал, Балбал әке, Алтын адам...
Саусақтың ұшын көрмес сарғыш парақ,
Өтінде уақыттың қалтыраған.

Тұлпардың тұяғынан дүбірлеген,
Түркінің жұмбақ таңы сібірлеген.
...Басында – А сызықты жазуларды
Түнімен ескі жұрттар күбірлеген.

Ол да бір қосан ғұмыр, құбыл өлең,
Жанына жар таппаған жіміледен.
...Дүниеде бір кітап бар жазылмаған,
Құдай-ау, жете алам ба түбіне мен?!.

Адаспас жолаушыға алдан, от, шық,
Жасыл от – жоққа барсың, барға – жоқсың.
...Жанымды азаптады-ау жұтындырмай,
Ғасырдың алқымында қалған өксік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әмірхан Балқыбекке өлеңінің авторы кім?

Ерлан Жүніс — осы өлеңнің авторы.

Әмірхан Балқыбекке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әмірхан Балқыбекке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Жүніс өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әмірхан Балқыбекке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері