Шығыс дұғасы – Ерлан Жүніс

Бұл бетте «Шығыс дұғасы» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2364
Ей, мұсылман желдер,
Сендер,
Бір хабарын беріңдер оның,
Ей, мұсылман көлдер,
Көркем жүзін көріңдер оның,
Момын өзендер,
Су бетіндегі бейнесін сақтап,
Момын кезеңдер,
Жан дүниесіндегі аппақ,
Махаббатын қорып,
Махаббатын қорып,
Махаббатын қорып,
Ей, әлемдік Жүрек,
Ей, қастерлі Жарық,
Ей, киелі Түнек,
Ей, ғасырлық Мұңдар,
Ей, Іңкәрлік әппақ,
Ей, мұсылман Шыңдар,
Ей, мұсылман Соқпақ,
Жеткізіңдер Маған!
Жеткізіңдер бүгін,
Өпкізіңдер маған,
Маңдайының нұрын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шығыс дұғасы өлеңінің авторы кім?

Ерлан Жүніс — осы өлеңнің авторы.

Шығыс дұғасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шығыс дұғасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Жүніс өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шығыс дұғасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері