Сәт. Сағыныш – Ерлан Жүніс

Бұл бетте «Сәт. Сағыныш» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2020
  • 0
  • 1
  • 5576
Жұлдыздан жарық жеткенше,
Сағынып үлгердім сені,
Жанымнан тұрып кеткенше,
Сағынып үлгердім сені,
Көбелек қанат қаққанша,
Сағынып үлгердім сені,
Қалалар шамын жаққанша,
Сағынып үлгердім сені,
Бір тамшы тамам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бір шырпы жанам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бір ойдан қайтам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бір сөзді айтам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Құс ұшып қонам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Қу көңіл қалам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Зарыңды тартам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Жүгіңді артам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Перронға шығам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бәрін де ұғам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Сағынбан енді дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
«Махаббат өлді» дегенше,
Өлтіріп кетші мені!


Пікірлер (1)

Жібек

Сағыныш… тағы да сағыныш

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәт. Сағыныш өлеңінің авторы кім?

Ерлан Жүніс — осы өлеңнің авторы.

Сәт. Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәт. Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Жүніс өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәт. Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері