Айналды ма бір кезгі сағымға арман – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Айналды ма бір кезгі сағымға арман» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Айналды ма бір кезгі сағымға арман,
Күрсінесің жастықты сағынғаннан.
Қатыгезді көрмедім уақыттай
Бойыңнан күш, жүректен жалынды алған.
Нелер қалды есімде елес күннен,
Еміс-еміс елестің желі естілген.
Уақыт қатал бір кезгі сұлу қызды
Сұлу емес қызбенен теңестірген...
Майдан ашып бір ойлар бір ойменен,
Тығырыққа өзімді тірей берем.
Уақыт бітіп дүниеден аттануға
Санаулы сәт қалғандай үрейленем.
Қайда қалды сол жігіт гүл ұсынған,
Айнымаған досымнан, туысымнан.
Уақыт – тұлпар өкінем жұлқынғанда,
Шығарып ап шылбырын уысымнан.
Барар жерім секілді жақын қалған,
Ақырғы дем боп шығар ақырғы арман.
Қатыгезді көрмедім уақыттай
Жүзіңнен һәм жүректен отыңды алған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері