Тамсанам мына өмірді жаңа танып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тамсанам мына өмірді жаңа танып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1218
Тамсанам мына өмірді жаңа танып,
Қиялым қанатты үннен қанат алып.
Кеткендей қас қағымдық көзіме бір
Жаңбырдың тамшысымен әуе тамып...
Қарайды өр кеудесін шыңдар керіп,
Табанын тұрғандықтан жылдар көміп.
Аппақ түн әнге айналып кетеді екен,
Суретін ай-жұлдыздар судан көріп...
Түйілген әнші көңілін жазар шабыт,
Ол да бір бәйге атындай озар шауып.
Тауымен, даласымен, бұлағымен
Тұрғандай табиғаттың өзі ән салып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері