Саған – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Саған» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 824
Жаңылмасын деп фәнилік ісімнен,
Тәңір сені әппақ нұрмен бояған.
Таң алдында тәтті, ғажап түсімнен,
Сені көріп оянам.
Тағат таппай жүргенімде мен енді,
Тарауында тарам-тарам тағдырдың.
Жазбаймын деп кеткен едім өлеңді,
Сен кеп қалам алдырдың.

Көркемдікке қоса берген дертің бар,
Жегідей жеп, жаныңды да меңдесін.
Теңізіңнен ұш, шағалам, еркімді ал,
Ал, дертіңді Тәңір өзі емдесін!
Саған берем, жүрегімді, сертімді,
Көктен жеткен періште ме ең, өкіл ме ең?
Саған емес, маған беріп дертіңді,
Сосын көкке алып кетсе өкінбен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері