Ол мені сүйеді бәрібір! – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Ол мені сүйеді бәрібір!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1124
Жалындап тұрып-ақ жанары,
Булығып, ішінен жылайды.
Алмадай домалақ анары,
Әлі де ұнайды, ұнайды.

Мақтадай мап-мамық еріні,
Дәмі - бал, сүйгенде еріген...
Ол бүгін бір үйдің келіні,
Біреуді бағына теліген.

Жұп-жұмыр, шыбықтай белінен,
Ең алғаш мен бейбақ құшқанмын.
«Сүйемін» деп айтып «сені мен!»
Ал бүгін «ойыннан» тыс қалдым.

Уақыт не деген ақымақ?
Ол қыздың әлі де жаны - гүл.
Өзгенің қойнында жатып-ақ,
Ол мені сүйеді бәрібір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері