Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

…шығар

Бұл бетте «…шығар» атты Ерлан Жүніс жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.11.2019
  • 0
  • 1
  • 5841
Сонау бір тұста дала бар шығар,
Қала бар шығар сол маңда.
Қамыққан бір жан қараған шығар,
Қайтқан ізі жоқ жолдарға.

Қамыққан сол жан бір қалқа шығар,
Лалаға ұқсас сұлбасы.
Жалғыз бір жанға мұң да алқа шығар,
Сағыныш шығар сырғасы.

Жалғыздық сырын жаңа ұққан шығар,
Жадағай ойды жүгендеп.
Жүрегін, бəлкім, ауыртқан шығар,
Біз секілді бір жүгермек.

Əйнегін күнге ашпаған шығар,
Сырт қалған шығар топ шынар.
Сүйген бір əнін қоспаған шығар,
Биге де зауқы жоқ шығар.

Үйін де көптен жимаған шығар,
Сұп-суық шығар бөлмесі.
Гүлдерге су да құймаған шығар,
Сыйлаған бұрын Келмесі.

Мен білсем, солай,
кешіп көр соны,
бұл қыстың сыры – сол жанда.
…Əйтпесе, көктем кешікпеуші еді,
Əудемжер ғана қалғанда.


Пікірлер (1)

Жібек

Керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

…шығар өлеңінің авторы кім?

Ерлан Жүніс — осы өлеңнің авторы.

…шығар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

…шығар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Жүніс өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

…шығар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері