Өлең, жыр, ақындар

Махаббат

Ғашық болып ұнаттым,бір адамды
Бір көргеннен жүректі баурап алды.
Не болғаны белгісіз бір-ақ-сәтте,
Жүрегімді ол менің жаулап алды.
Сүйудің қиын екенін кім біліпті?
Жүрекке салды жарқын бір үмітті,
"Ғашық болу "деген осы ма әлде?
Ғашық болып бұрын соңды кім көріпті?
Нұрлы жүзін күнде мен қарап өтем,
Япыр-ау ,ғашық болған жаман екен,
Көңілің алып-ұшып көргенде оны
Жаныңды қиын күйге салады екен.
Білемін, қиын екен, сүю деген
Күледі:"Саған ерте сүю деген"
Ғашық жанның кеш болсада естір-ме екем,
Бір сөзін,"сені жақсы көрем"деген.
Мазасыз сезім кетер қызуланып,
Көңіл шіркін,алып-ұшып,от боп жанып
Қояды ғашығыңды көрген кезде,
Жүрек тіптен мәз болып ,бір қуанып.
"Мені сүйер бәлкім "деп ойланасың
Күдеріңді үзбейсің,нұрланасың
Сезіміңді айта алмай мың дөңбекшіп,
Бір ұйықтап ,бір оянып қор боласың.
Ғашықтық,келсе жеңеді бойыңды алып ,
Көзден кіріп,жүрекке қадаланып
Тұла бойды тоңдырып,үміт үзбей
Көргенде оны өртенер күйіп -жанып.
Ғашық болу-жүректегі бір ауру
Тоқтата алмас оны,небір мықты қару
Ғашықтықты жазудың бір-ақ емі,
Сүйгеніңмен баққытты болып қалу



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз