Өлең, жыр, ақындар

Жас жалшыға

  • 14.05.2021
  • 0
  • 0
  • 3065
Туғанда алғаш анаңнан,
Балапан едің ақ үрпік.
Құндағың тері, саламнан,
Жеткіншек едің жез кірпік.
Әкең қойшы, шешең күң,
Жылы орны да жоқ еді.
Қазан жалап сен үшін,
Әйтеуір анаң «тоқ» еді.
Азаппен жиған ақ сүтін
Мезгіл-мезгіл сорушы ең,
Жұмыста анаң, жоқ күтім,
Өксікпен өкпе соғушы ең.
Шөп төсекпен шығысып,
Денең тастай шираған;
Күн қағып, жел жеп, отқа ысып,
Бейнеттен күш жинаған.
Аязды суық боранда
Қалшылдап өстің сүмсиіп.
Таңды атырдың қораңда,
Қар құшақтап, мұз сүйіп.
Ақ бәтестей ақ денең
Ыстаған бейне қара көн.
Қабағың салық, жоқ өлең,
Ойнамайсың баламен.
Ұрсу, соғу, зықынау,
Жүректің қалған тоты боп,
Өстірген шайып жас былау...
Өмірлік сөнген оты жоқ.
Үміті біткен тірліктің,
Жас басыңнан шалдайсың.
Қызығу, талап, ерліктің
Біреуін де ойға алмайсың.
Жасыңнан-ақ құлдыққа
Ыңғайланып алыпсың,
Мұқтаждыққа, мұңдыққа
Мұңайыпсың, қалыпсың.
Емес пе ең жазғы көбелек,
Көгалда көлбеп ұшпайсың.
He себеп, мұнша уһілеп,
Қу таяқты ұстайсың?
Өзіңдей жанның баласы,
Оқып жүр ғой мектепте.
Бет, білек қолдың саласы,
Абайлашы, аппақ па?
Мектебі жақсы, көңілді,
Арқалап боқша барады.
Киімі бүтін жып-жылы,
Ойнап асыр салады.
Жабырқаусың, жасықсың,
Ондай көңіл сенде жоқ.
Жалынды жастай басыпсың,
Пендеге де пенде боп.
Ұйымы қайда жастардың,
Әлде сені білмей ме?
Әлде, асусыз асқардың
Жібермей желі үрлей ме?
Бұған қандай мәніс бар?
Сен бұл күйде отырсың.
Еске алар, аяр, танысар,
Оқырсың қарғам, оқырсың!
Ұран жақсы, үміт көп,
Жамырар жастар, бас құрар.
Өнерсің көпке жігіт боп,
Жасыма жаным, жас құрғар.

1923



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос қарға

  • 0
  • 0

Қарғаға қарға жақындап,
Қарғаға қарға қарқылдайт:
«Қарға-ау, бізге жем бар ма?
Жемді көрер жер бар ма?»

Толық

Октябрь елесі

  • 0
  • 0

Қызбалықты, қызықты,
Қызылды - жасыл кең дала.
Бұл күн қай күн, неткен жұрт
Қиқу салады қыр мен ой?

Толық

Қосылыс

  • 1
  • 2

Қосылды міне екі жас, амандасты,
Қара көз, қас қағылып, хабарды ашты.
Майысып балдырғандай қыз толысып,
Жігітке берді ләззат таб алмасты.

Толық

Қарап көріңіз