Қаракөз айым
- 0
- 0
Армандай ақ сезімнен жаралдың ба,
аққудай айдындағы тарандың да,
боранды Жаңатасты жадыратып,
жарқ еттің Шолпанымдай таң алдында!
Бұл бетте «Ел перзенті Еркін Жұмағұловқа арналады» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Армандай ақ сезімнен жаралдың ба,
аққудай айдындағы тарандың да,
боранды Жаңатасты жадыратып,
жарқ еттің Шолпанымдай таң алдында!
Бал сезім баурап алды бүгін мені,
нұр шашып Күн де маған күлімдеді.
Дүние таңғажайып әнге айналып,
тұрғандай жүрегім де жүгіргелі.
Түк емес шарбы бұлттай даңқым, жебем,
сен менің болат бауыр алтын кемем.
Дүниеде түсінетін өзің ғана
мені бар жақсы-жаман қалпымменен.
Өзіңсіз жүре алмайды екенмін-ау,
көңілден кез болар ма кетер қырау…
Алдыңда кінәлымын, кінәлымын,
не керек өкінішпен бекер жылау.
Жаралған ба ақ сезім, таңнан-нұрдан,
көрген адам қиялдай арман қылған,
бір ару бар Шығыста Тұрсындайдай,
өнерімен әлемді таңдандырған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі