Жан әкем
Әкешім асқар тауым,
Өзің ғой бақ-Отаным.
Қамқоршым асыл әкем,
Жан әкем өзіңмен мақтанамын.
Өлеңменен өмірімді жалғаймын,
Өзімді -өзім осылай мен алдаймын.
Қуаныштар көп болса әр күнімде,
Қыран құстай мен самғаймын.
Ауылға бара жатырмын сағынышпен,
Ауыл деген ғажап қой неткен.
Кіндік қаның тамған жер,
Ұмытылмас әсте естен
Не тілейін мен саған,
Айтасың - ау деп өмір жалған.
Жоқ,жоқ сен қатаелеспе,
Өмір деген керемет емес пе қалқам.
Кездесуден кейін талай ойлар келді,
Шахановтың керемет қой сіңген еңбегі.
Талай жанды салған тура жолға,
Деп ойлаймын дұрыс бопты бергені,
Машинада радиодан болды сұхбат,
Бақыт деген не деген сұрақ.
Көпшіліктің пікірін білмек болып,
Бақыт туралы кім, не ұқпақ?
Аллаға шүкір ,шүкір деймін,
Қайсарымды көргенде өзімнен өзім күбірлеймін.
Көрсе мені өзгелер таң қалар -ау,
Сонда да мен өзгермеймін.
Бақытты сәт болды кеше,
Сұрарсың қалай,неге?
Қазақтың біртуар ақыны
Мұхтар Шаханов келді бізге.
Мен бақытты баламын,
Көгімде ашық аспаным.
Жасыл жайлау даламда,
Асыр салып ойнаймын.
Мен шет тілдері маманымын,
Бәрін білген өзге тілдің.
Өз тілімді құрметтеп,
Насихаттаушының мен бірімін.
Шығар менікі дұрыс емес,
Мен жан емеспін үндемес.
Дұрыс болмаса қарым-қатынас,
Айтамын сөздерді ойға келмес.
Жылдар өтті, жатыр жылжып,
Отырмын мен де қалғып –мүлгіп.
Айнаға қараймын іздеп жастығымды.
Сағынышпен кездерді арман қуып.
Көтергім келеді көңілді ,
Керемет қой ойын –күлкі.
Әр нәрсе өз уақытымен,
Дегенге кім сенеді.
Бүгін менің көңіл –күйім тамаша,
Мәз боламын, жүгіріп жас балаша.
Тоқтата алмай күлкімді,
Кенеледі жан – дүнием керемет бір қуанышқа.
Өтіп жатқан жаяу жүргінші,
Біріңнің қабағың қатулы.
Білемін ғой сеземін бәрінде,
Проблемаға ішің толы.
Сүреңсіз тірлік өтер, өтер,
Бәрі де ұмытылып ертең кетер.
Қалған көңіл жібімейді- ау,
Өткен жағдай келіп жетер.
Түйдек ойлар маза бермес,
Жалғыздықта жанға ермес.
Ойлай, ойлай, ойлар қашты,
Сол кездерім болды елес.
Жаз айлары өтіп жатыр зымырап,
Күзде жетті - ау зырылдап.
Күнделікті күйбеңмен,
Өтіп жатыр өмірде зуылдап.
Құтты болсын туған күнің анажан,
Көмегін ешқашан бізден аямаған.
Рахмет саған мама,
Өзің ғой бізді қолдаған.
Ертең менің туылған күнім,
Дайынба елге берер есебім.
Келіпті ғой екі бесте ,оу, ағайын,
Еске салар өткен күнді іздерім.
Қазақшылық,қазақшылық дейсіз сіз,
Қазақшылықтан қашып жатқан кім бар дейсіз?
Жандандырсын қазағымның салт- дәсүрін,
Бұрмалаған ойды сіз қандайсыз?
Өмірдің қызық сәттері көп,
Оралады ойға кеп.
Десте -дестесімен келіп жатыр,
Қызықты сәттер тура дөп.
Қазақ тілі көктегі менің байрағым,
Ана тілім сенімен мен самғадым.
Ана тілім жаса мәңгі,
Сеніменен жалғасады тағдырым.
Жиырма үште бет бұрдым мен өлеңге,
Уақыты келіп жеткендей бұл кезеңге.
Өлеңдер жинағымен жиылғанда,
Көрсін жарық дегендей ой келді ме?
Шаршама, сен шаршама,
Қуанышпен күн баста.
Әлсіздік пен шаршауды,
Екі дүние екеуі, шатастырма.
Келгісі келеді мені кеміткісі,
Көрседе көргісі келмейді істеген істі.
Мені төмендеткеннен не шығады?
Құдайым кемсітпесе болғаны.
Халқының бір туар азаматы,
Келісті болды, нар тұлғалы.
Күндіз - түні бір тынбай,
Ойлағаны болды халық қамы.
Қайтсем енді тыныштық табар жаным,
Әр нәрсені тарамдап бір қарадым.
Жаным менің қалайды үнсіздікті,
Әйтседағы, жан дүниемнен мен оны таба алмадым.
Қазағыма тілеймін бақ береке,
Бірлігіміз жарасып, болсын күнде мереке.
Салт -дәстүрім жаңғырып,
Болмайық өзгеге келеке.
Сұлулыққа құмартпайтын жан бар ма екен?
Тіршіліктің өзі де тұрмайды ма әдеміден.
Сұлулыққа тамсанамыз таңдай қағып,
Сұлулармен тамаша ғой өмір деген.
Тағдыр деген алпауыт бар жеңбейтін,
Ұшуға да , қонуға да жол бермейтін.
Ойыңды жүзеге асырмайтын,
Алдыға да , артқа да жібермейтін.
Ескі жылдар шықпай есімнен,
Іздеймін кейде сағынышпен түсімнен.
Сол баяғы балалық шақ бақытты,
Жүргендеймін асыр салып дос - құрбымен.
Сұлулықты түсінер әркім қалай
Сұлуларға жем болған ерлер талай.
Сұлу көрсе жоғалтқан ақыл- есін,
Кеткен еріп еш нәрсеніде ойламай.
Жаңбырдан соң күн шығады жарқырап,
Нұрланады әдемі боп шартарап.
Бүкіл дүние кеткендей ғой жайқалып,
Таңданасың қандай сұлу,о, ғажап!
Оқыдым өлеңді мен,
Мама сағындым сені деген.
Сағынасың қанша жылдар өтседе,
Ананың орны бөлек әйтседе.
Бер батаны әйелге,
Танытқан ұрпағын ол әлемге.
Бала үшін суға түсіп, отқа күйген,
Дерсің сен еңбегі оның ерен бе?
Мен үшін қымбат сөздер,
Отан, Ана, Жер.
Отаным алтын бесігім,
Отанымды мақтан етемін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі