Уақыт жоқ деме сен
Бұл бетте «Уақыт жоқ деме сен» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаз айлары өтіп жатыр зымырап,
Күзде жетті - ау зырылдап.
Күнделікті күйбеңмен,
Өтіп жатыр өмірде зуылдап.
Таң атады ,күн батады,
Уақыт та жылдамдады.
Жердің айналымы өте тез,
Деп білгіштер айтып жатады.
Өмір деген қас -қағым,
Ұмытпайық достарым.
Уақыт тауып бәріне,
Көңілденіп жүрейік әрдайым.
Жоқ деме уақытым сен,
Өтіп те ,кетерсің өмірден.
Бәрі де бір құдайға аян,
Не күтеді білмейміз ғой алдан.
Уақыт тап кездесуге әрқашан,
Қашпа сен адал достардан.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі