Шындық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шындық» атты Абдрахман Асылбек жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1619
Осы біз шындықты айтсақ өлеміз бе?
Орынсыз мақтанамыз келеміз де.
Бір жерде бір сөзіміз өте қалса,
Көзіміз шыға келер төбемізге.
Еліріп ешбір жанға қарамаймыз,
Талант деп өзімізді бағалаймыз.
Өлеңнің бес-алты ауыз басын құрап,
Жазушылар одағын жағалаймыз.
Білмейміз әлек болып әлімізді,
Жалдаймыз жалған сөзге жанымызды.
Шырқаймыз шылп етпестен иемденіп,
Үйренген өзгелерден әнімізді.
Біз қайтіп бұл әдетпен артыламыз?
Көп көріп аз нәрсені, артынамыз.
Нан пісіп кеудемізге болмай жатын,
Бұлақтай құмға сіңген сарқыламыз.
Адам боп әуел баста жаратылып,
Жасаймыз жанға бітпес дара қылық.
Өлеміз өзгелерге кінә тағып,
Өлсек те орға жығып дарақылық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шындық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шындық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шындық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шындық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері