Екі түрлі дос

Бұл бетте «Екі түрлі дос» атты Абдрахман Асылбек жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1672
Бір досым бар – құс мамықтан төсегі,
Қызыметі жылдан-жылға өседі.
Көре қалсаң, қара желдей күбінің,
Байлығы мен барын айтып бөседі.
Еңбегімен жібермейтін есені,
Тым жігерлі жігіт еді кешегі.
Енді бүгін ес жоқ, түс жоқ еліріп,
Көкейін тек дүние-мүлік теседі.
Ақшаменен өмірді өлшеп-кеседі,
Қадіріңді шеніңменен шешеді.
Керек емес ақылың меп нақылың,
Түгел оның өзіндік бар есебі.
Болса-дағы оның түгел есебі,
Арта түскен айналдырған кеселі.
Сол досымды соншалықты сорлатқан
Көп туыстың қолпаштауы деседі...
Бір досым бар – қызыл тілдің шешені,
Мәртебесі жылдан жылға өседі.
Көре қалсаң, құрақ ұшып, қуанып,
Таңғы салқын самал болып еседі.
Туған жердің тауы, тасы, кесегі,
Жұпар ауа, желбірегеп шешегі –
Бәрі-бәрі күйге бөлеп көңілін,
Көлін көріп, өзендерін кешеді.
Кең әлемді қиялымен кезеді,
Жан дүниеңді жаныменен сезеді.
Әділ жүріп әділеттік жолымен,
Қиянат пен қиянаттан безеді.
Қатең болса, кынжылады, кешеді,
Қолдан келсе, көпке көмектеседі.
Сол досымды сонша биік самғатқан
Ерге деген ел құрметі деседі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі түрлі дос өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Екі түрлі дос өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі түрлі дос өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Екі түрлі дос өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері