Жырылғандай аузымнан бұйырғаным

Бұл бетте «Жырылғандай аузымнан бұйырғаным» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 626
Жырылғандай аузымнан бұйырғаным,
Сырғақсиды алдымнан сиынғаным.
Екеу болдық, деп едім «құралармын»,
Жоқшылықтың таттым шын биыл дәмін.
Күн аунайды, төбемнен, түн аунайды,
Сүйген жарым көз жасын бұлаулайды.
Жамай алмай жыртығын отауымның,
Ақпан қары көңілде қылаулайды.
Дұшпандарым көп еді табалаған,
Қарындасым жоқ еді ағалаған.
Шырылдаған жанымның қарлығашы,
Арман – үйдің шатырын паналаған.
Күн сәулесі түспей бір шаңырақтан,
Жастайымнан қу тағдыр аңыратқан.
...Жетімдерді жұбата алмайды екен,
Жүректегі махаббат жалын атқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырылғандай аузымнан бұйырғаным өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Жырылғандай аузымнан бұйырғаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырылғандай аузымнан бұйырғаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырылғандай аузымнан бұйырғаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері