Дос көлінде

Бұл бетте «Дос көлінде» атты Сырбай Мәуленов жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2381
Дос көлінің жағасында ақ шатыр,
Көгілдір көк арасында көгершін.
Жер бетінде жаңбыр салған дақ жатыр,
Бұлт келеді, бұлт шіркінге не дерсін!
Молдаван қыз тап келіпті биылғы
Қостанайдың жауын-шашын күзіне.
Қара көзі шалып алып қиырды,
Көп қарайды көктегі бұлт жүзіне.
Мен сұраймын:
–Ұнай ма деп осы жер,
–Жүзім жоқ,— деп қойып жатыр ол да сын.
Алматымда молдаван қыз болса егер
Алатаудың сыйлар едім алмасын.
Бірақ оған өкінішім жоқ менің,
Нансыз жерде өмір бар ма, ойлашы?
Қостанайға қоя алады өкпе кім
Қазақстан астығының қоймасы.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дос көлінде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Дос көлінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дос көлінде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дос көлінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері