Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді,
Өзім тыңдай алмасам, өз үнімді.
Қара жерді құламай басып келем,
Үмітіме сүйеу ғып төзімімді.
Айбынды ақын емеспін, сөзі құнды,
Сөзі құнсыз ақынның көзі мұңды.
Орынына асылдың бағалаған,
Сиқыршының алдайды жезі кімді?
Несін айтам, өмірден өткен, өтті,
Қуандырды, өкінтті, өкпелетті.
Кең дүние біреуді қысып мәңгі,
Ал, біреудің көңілін көктем етті.
Өмір базар, өтуде ала-құла,
Сатып алсаң, суды да, ауаны да.
Қарайтұғын қарашы тірі жан жоқ,
Жаутаңдаған баланың жанарына.
Ашылмаған ананың қабағына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтіп айтам, ойымды, сезімімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері