Санамаймын жүрегімнің соққанын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Санамаймын жүрегімнің соққанын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Санамаймын жүрегімнің соққанын,
Шамалаймын, тіршіліктің жоқ, барын.
Қыранға ұя көргем шыңның басынан,
Қыбырлаған құмырсқалар соқпағын.
Ұшқанды жүр біреу бақыт, сор балап,
Қия-шыңнан қыран құсым сорғалап.
Таутекелер түсіп мерген көзіне,
Құмырсқалар қыбырлайды жорғалап.
Бақыт – байлық, керегі жоқ маған көп,
Қара жерге, ой салғандай сонау көк.
Қарап, ұқтым құмырсқа мен қыранға,
Даңқтың да жолы осындай болар деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Санамаймын жүрегімнің соққанын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Санамаймын жүрегімнің соққанын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Санамаймын жүрегімнің соққанын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Санамаймын жүрегімнің соққанын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері