Мен сені сүйемін – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен сені сүйемін» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.02.2022
  • 0
  • 0
  • 5274
(аударма)

Мен сені аңсап тұрмын
жел адасқан қарағай арасында,
Айды құшқан теңіздің жағасында.
Күн батпайды сен жоқта, таң атпайды,
Сен жоқ жерде тұнбайды дала сырға.
Кешкі шапақ теңізге нұрын жайды,
Кімге айтармын сағыныш, мұңым жайлы,
Қалықтайды төбемде шағалалар,
Түу алыста жұлдыздар жымыңдайды.
Жалғыз кеме жырақта көрінеді,
Сиқыр толқын шулаған төңірегі.
Мен де ойлардың алысып толқынымен
тұрмын жалғыз табылмай көңіл емі.
Аңсап тұрмын мен сені,
Сені бекер көкжиек жасырады,
Жасырғанмен тынбайды ғашық әні.
Сағынышым жарысып толқынменен,
Ай нұрымен қосылып шашылады,
кемеменен самғайды, ал кемелер
жете алмайтын жеріне асығады.
Түнгі жаға көңілсіз қаңыраған,
Қайғы әкеледі бұл түн де тағы маған.
Сені ешкім де дәл мендей сүйе алмайды,
Тек мен ғана осылай сағына алам.
Алыстасың сен менен, жырақтасың,
Мені еш нәрсе, білесің, жұбатпасын.
Мен сен үшін дайынмын бәріне де,
Адал сүйген адамды жылатпа шын.
Түн. Менің де жанымды түн басады,
Тек жұлдыздар сен болып сырласады.
Мен өзіңді сүйемін, соны біліп
қарағайлар атыңды жырласады.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сені сүйемін өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мен сені сүйемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сені сүйемін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мен сені сүйемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері