Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп,
Шертер ем ынтызарын жүректің көп.
Кеудеңнен аспан болсаң жауған нұрмен
Жатар ем қара жердей түлеп, гүлдеп.
Жұмбақтау ер жігіттің сыры маған,
Солардың көбі емес, бірі ұнаған.
Ол егер асқар таудай алып болса
Бұлақ боп өңірінен күліп ағам.
Арманым жетер ме екен, ара қонсам,
Осындай қасиетпен дараласаң.
Тал түсте боз торғайдай маза бермей,
Кеудеңде ән салар ем дала болсаң.
Өрт болсаң жалыныңа күйер едім,
Мерт болсам, жаным, өзің – сүйенерім.
Жартастай жатсаң ұйықтап, толқын болып –
Аймалап төсіңнен бір сүйер едім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері