Бақыт – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бақыт» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 834
Бақыт, бақыт, білмеймін мен не екенін,
Білмесем де толқып-толқып кетемін.
Жинамаймын оңай жолмен дүние,
Болмас дейсің дайын асқа кім ие.
Бақыт, бақыт уысында кімдердің,
Мүмкін одан қызғанармын, күндермін.
Жоқ, жоқ, бақыт – көңілінің бүтіні,
Бақыт менің жүрегімнің үкімі.
Бақыт деген шектелмейді байлыққа,
О, достарым, бақыт сөзін жәй құпа!
Естімеші, желдің жоба өсегін,
Бақыт, бақыт еңбегің ғой ол сенің!
Қайда екенін шын бақыттың ұясы,
Өзім емес, өмірімнен сұрашы.
Бақытты мен маңдай термен суарғам,
Сондықтан ол көктеп тұрған ұлы орман!
Бақыт, бақыт, әлде қымбат асыл ма,
Ондай бақыт келген емес басыма.
Шын бақыттың шыңын іздеп келемін,
Жас жаныма серік болып өлеңім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыт өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бақыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыт өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері