Сыртта жаңбыр, іште мұң – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сыртта жаңбыр, іште мұң» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 796
Сыртта жаңбыр, іште мұң,
Әйнекті ұрып шертеді.
Шөлдеп, кеуіп ішкенім,
Өзегімді өртеді.
Сыртта жаңбыр әуені,
Әуеніме қосылар.
Көздерімде әдемі,
Аспанның көз жасы бар.
Өзі ауыртып, өзі емдер,
Жаңбыр дәмі сор татып.
Өріп жатыр өзендер,
Бұрымдарын тарқатып.
Түрлі ой келіп басыма,
Іштегіні қозғасын.
Аспанның көз жасына ,
Қосылғандай көз жасым.
Өзге қиял, өзге үміт,
Түнереді ғұмыр шың.
Шөлдеген жер көз жұмып,
Көздің жасын сімірсін.
Кірпігіме мұңды іліп,
Жаңбыр жанды жуды бір.
Шығады екен шыңғырып,
Улы ойдан улы жыр...
Қайда, көзін ашқан гүл,
Қай жаққа енді асығам?
Бар ауыруын аспанның,
Жаңбыр жерге тасыған.
Уақытқа артып бар жүгін,
Құтылады, кім қашып.
Аспанға жер ауруын,
Ұшады екен бу тасып.
Бір жылаймын, бір күліп,
Улы жаңбыр, улы жыр.
Көкірегімнен сілкініп,
Оянардай бір дүбір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыртта жаңбыр, іште мұң өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сыртта жаңбыр, іште мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыртта жаңбыр, іште мұң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыртта жаңбыр, іште мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері