Опасыз жанға

Бұл бетте «Опасыз жанға» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 859
Мен сенi өзгелерден
Тосын дейтiн едiм.
Асыл дейтiн едiм.
Сөйтсем,
Түк те емес екенсiң ғой;
Не үтiр,
Не нүкте емес екенсiң ғой.
Қабатын
Ит те емес екенсiң;
Қаныма қанатын
Бит те емес екенсiң.
Бiзге кекiрейгенмен
Өзгелерге үнiң шықпайтын
Ынжық екенсiң ғой;
Қоқысқа
Кететiн
Жүн-жұрқа мен
Қылшық екенсiң ғой.
Бiр кезде саған сенгенiмiзге
Сенгiм келмейдi.
Тәйт, пәлекет! –
Бетiңдi көргiм келмейдi.
Бетiңе қарасам
Өзiмдi жерге
Тiрiдей көметiндеймiн, –
Өйткенi бетiңдi емес
Кәрi сиырдың
Сатал-сатал
Сарпайын көретiндеймiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Опасыз жанға өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Опасыз жанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Опасыз жанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Опасыз жанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері