Есенинге

Бұл бетте «Есенинге» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Төрімде суретің тұр гүл ұстаған,
Бет – бейнең неткен ыстық туыс маған.
Толқындай жирен сары бұйра шашың,
Өлкеңе ұқсайды екен күн ыстаған.
Біледі бір мен емес атыңды әлем,
Кеудеңнен күміс таңды сапырған ең.
Өре алған «фарсы сазын» келістіріп
Таңданам бір өзіңдей ақынға мен.
Айналған аты аңызға өлең гүлі,
Тіл қатқан арманына келер күні.
Бере алған бір сәтіңді келістіріп,
Ғажап-ау, суретшінің шеберлігі.
Қадалам келбетіңе күнде ойланып,
Көркіңе теңеу таппай, тіл байланып.
Шарбаққа сүйеніп сол тұрған күйі,
Кетіпсің өзің де бір жырға айналып.
Ұқсайсың бір өзіңнен өзге кімге,
Дарасың, даусың қалған өз көгіңде.
Кезгендей сезімімнің ирімдерін,
Сиқыр бар сырға толы көздеріңде...
Жас балғын қиял-ойға беріліп тым,
Кеткенің көрер көзге көрініп тұр.
Сұр костюм түймелері салынбаған,
Дәуренін паш еткендей серіліктің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есенинге өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Есенинге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есенинге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есенинге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері