Дос көңілін қылаусыз арман етем – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Дос көңілін қылаусыз арман етем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 770
Дос көңілін қылаусыз арман етем,
Арманыңды үмітке жалғап өтем.
Көптен күткен менің бір жеңісіме
Қуанатын қол соғып жан бар екен.
Берілмейтін ойларға басқа бөтен,
Түзде адассам, от жанған қосқа жетем.
Жазбай таныр адаспай, көп ішінен
Көретұғын мені де дос бар екен.
Дос көңілінен аспайды басқа мекен,
Досың барда таулар да асқақ екен.
Ашып маған есігін тұратындай
Баспанаға айналып астана кең.
Көз алдыңда жеңісім, жеңілісім,
Өртке ұқсаған өлеңнің өмірі сын.
Менің адам болуым керек екен,
Елім үшін, достардың көңілі үшін.
Елі бардың еңсесі асқақ екен,
Ел көңілін басыма баспана етем.
Ортақтасып мұңыма менің де бір,
Бақытыма қуанар дос бар екен.
Жаны ауырып толқитын толғағыма,
Тұратұғын қорған боп жел жағыма,
Қуанышты мендегі бірге тойлар
Қуанамын достардың болғанына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дос көңілін қылаусыз арман етем өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Дос көңілін қылаусыз арман етем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дос көңілін қылаусыз арман етем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дос көңілін қылаусыз арман етем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері