Сәулем – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сәулем» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1521
Сәулеме айттым сәлем сен зерек деп,
Өзіңнің топтан орның бір бөлек деп.
Көйлектің ақ атлас жиегін тістеп,
Алдымнан шықсаң, сәулем, көлбелектеп.

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, айтайын,
Қағаз жазып хатпенен.
Айтқан сөзің тіректі
Тең бе жасық затпенен.
Жандырма жүректі,
Етсең қабыл тілекті.

Ай, сәулем, өзіңнен де сөзің керек,
Ақылға жас күніңнен болдың зерек.
Құнанның қара жорға төбеліндей,
Көзіңнен айналайын дөп-дөңгелек.

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, айтайын,
Қағаз жазып хатпенен.
Айтқан сөзің тіректі
Тең бе жасық затпенен.
Жандырма жүректі,
Етсең қабыл тілекті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері