Ұрпақ үшін күрескен – Гульназ Сайлауова

Бұл бетте «Ұрпақ үшін күрескен» атты Гульназ Сайлауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қуғын-сүргін күнге де кезек келген,
Аштыққа да кей жандар төтеп берген
Ұрпақ үшін кезінде соғыстарда
Өзін емес
Халқы үшін ойланбай жанын берген.
Сан ғасырлар шектеу болып,
Басқа елге бағынған
Тарихымды оқысам,
Жаным ашып қыңжылам.
Талай тұлға жабылған
Абақтыдай бір торға
Талай тұлға атылған
Оқтың ұшқын шоғына.
Тарихымда көптеген
Ақындар бар білімді.
Қарсы шығып билікке,
Адалдықтың жоқтығы
Ата салды көптеген
Тұлғаларды бір сәтте.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар