Анаң сенің болады қатал қашан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Анаң сенің болады қатал қашан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 590
Анаң сенің болады қатал қашан,
Ант берерсің күніне Отанға сан.
Мазам кетіп бір түрлі алаңдаймын,
Аптасына бір рет хат алмасам.
Асығарсың бітпеген істерге сен,
(Ақылыңмен күш берме, күш бермесең).
Сағыныштан сарғаям, өзің жайлы
Аптасына бір рет түс көрмесем.
Қиырларға талғандай қарап көзім,
Арман өзің, мен үшін талап та өзің.
Бала сүйген жердегі анаға тән
Сезімімді шектейді тағат-төзім.
Анаң қашан төзімге берік еді,
Осалдығы – сезімге ерігені.
Календарьдың әр бетін жыртқан сайын,
Ғасырдай боп әрбір күн көрінеді...
Сабырменен барлығын көтеруші ең,
Елестейсің көзіме жеке жүрсем.
Туған ұяң анаңнан алыстап бір,
Сағыныштың білдің бе не екенін сен?
Әрбір күннен күтерсің жаңа хабар,
Сенен үміт күтетін бар ағалар.
Отаны бір болған сон, ортақ болар
Бұл сағыныш ана мен балаға бар.
Қуаныштың таңы сол атар қашан,
Аман болсаң шығарсың сапарға сан.
Жапырақтай жүрегім қалтырайды,
Жапырақтай сенен бір хат алмасам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анаң сенің болады қатал қашан өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Анаң сенің болады қатал қашан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анаң сенің болады қатал қашан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анаң сенің болады қатал қашан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері