Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп,
Ойлай қалсаң, санаң – сарсаң, iшiң – у.
Ең қиыны – шаршап келiп кешкiлiк,
Бiр күнiңнiң босқа өткенiн түсiну...
Пенде үшiн мынау тiрлiк – күнде өлiм,
Қиял орап қойса да үлде-бүлдеге.
Күнде ертемен арғымақ деп мiнгенiң,
Аяңы да iш ауыртар бiрдеңе.
Дәл өзiңдей мың мұңлықтың қолын ап,
Өмiр дейсiң, бостан-босқа жүрiп те.
Тойдырмайтын нәпсiде де жоқ ұят,
Жоқ ұят та таусылмайтын үмiтте.
Күнә құшып, қараясың, кiрлейсiң,
Сәттiк қызық – жаныңа жұп астана.
Қайда бара жатқаныңды бiлмейсiң,
Тек тәубеңе түсiредi кеш қана.
Қалжырап кеп табысасың төсекпен,
Бiр сарынды неше айлар, неше жыл.
Кешке қарай күнге өкiнсең бос өткен,
Амал қанша, ертең тағы осы өмiр...
Өкiнiшiң өзектi өртер, өткен күн,
Бұл тiрлiктiң шуағы әлсiз, сызы көп.
Анда-санда бiр жарқ еткен сәттердiң,
Тым құрыса жұлдыз құрлы iзi жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері