Өмір – Әлия Іңкәрбек

Бұл бетте «Өмір» атты Әлия Іңкәрбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.04.2021
  • 0
  • 0
  • 761
Ойларым жолдас боп алды түндермен кілең,
Тағатсыз іздеп келемін күн-бейнеңді мен.
Кезіге қалсақ, жүрегім нұрланса-дағы,
Көрсетем жұртқа сұрланып үлгерген рең.

Бақыт та, бақ та біздерді таниды делік,
Екеуміз жайлы айтпады фәни күрмеліп.
Ауада ұшқан асқақтық ұлпалары да,
Бұл күні менің жанымды қариды келіп.

Өзіңнен өзге кімге енді тағармын айып,
Салқындығыңнан қалса егер жанар мұңайып.
Сағынышыма тұншықсам, кетер ма екен -
Басымнан бағым, қолымнан қаламым тайып.

Қалмайтындығын ешқашан көңіл ұқтырып,
Мен емес,тағы мен болып сені күтті үміт.
Өмір дегенің - жұлдызға тілегіңді айту,
Орындалмасын білсең де егіліп тұрып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір өлеңінің авторы кім?

Әлия Іңкәрбек — осы өлеңнің авторы.

Өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері