Мойындау

Бұл бетте «Мойындау» атты Әлия Іңкәрбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Асаулау шығар тағдырым,
Өзiм де момын емеспiн.
Айтар ем бүкпей барлығын,
Түсiнбейдi, әттең, менi ешкiм...

Ақылы жетпей Айдың да,
Жүр ұқпай әлi жұлдыздар.
Шұғыла сынды қайғым да,
Шаттығым шалыс түнгi ызғар.

Жазмыш жолына көнiп құр,
Беттеп барамын елсiзге.
Жүрегiң сенiң соғып тұр,
Өмiрiң ғажап менсiз де.

Сырқатым – өлең,түсi аппақ,
Сен бiлсең,қане,айт емiн.
Қасiретiмдi құшақтап,
Кете берем бе қайтемiн ?!

Асаулау шығар тағдырым,
Өзiм де момын емес ем.
Иесi Көкте бар жырдың –
Жерде мен жазды демесең.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері