Тәубе – Әлия Іңкәрбек

Бұл бетте «Тәубе» атты Әлия Іңкәрбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2021
  • 0
  • 0
  • 758
Ағаттығыңды кешкенмен,
Кімге Өмір оңай дес берген?
Менен де өтіп барады,
Он сегіз дейтін көш-керуен...

Бақытты қайтем кеш келген,
Тағдыры неге өш дер ме ең?
Айыбым шығар өлең деп,
Адасып кетсем «есті елден».

Болмасам-дағы баққа құл,
Сүріппін өмір тәп-тәуір.
Адамның бәрі – жанашыр,
Адамның бәрі – жатбауыр!

Тірліктің, білем, түбі – мұң:
Жану мен сөну бір ұғым.
Ащы болсаң да сүйер ем,
Тәп-тәтті менің ғұмырым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәубе өлеңінің авторы кім?

Әлия Іңкәрбек — осы өлеңнің авторы.

Тәубе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәубе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Іңкәрбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәубе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері