Алаңғасар – Болат Үсенбаев

Бұл бетте «Алаңғасар» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1822
Шешінгенде киімін
Ілмей кетіп шкафқа.
Иленеді шұлығы
Кір боп жатыр жан-жақта.

Көйлегі де шашылап,
Шалбары да шашылып,
Салатұғын түйме жоқ,
Омырауы ашылып.

Ойын қуып далақтар
Келе сала мектептен.
Қарамайды сабаққа
Қайран уақыт текке өткен.

Қалды десек жігіт боп,
Дағдысы сол қашанғы.
Қасен аты ұмыт боп,
Алаңғасар атанды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаңғасар өлеңінің авторы кім?

Болат Үсенбаев — осы өлеңнің авторы.

Алаңғасар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаңғасар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Болат Үсенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаңғасар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері