Сырнай

Бұл бетте «Сырнай» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3019
Жанында көк төбелі жабық қырман,
Бір топ жас ойнап жүрді салып думан.
Көп қарап, көзі талып бірте-бірте,
Алтын күн сырғанады ауып қырдан.
Жиілеп кешкі оттардың аралығы,
Әр жерден қайта туды дала күні.
Оттардың арасынан тұрды қарап,
Ойынға колхоздың қарт қарауылы.
Жететін талықпастан таң шағына,
Кім білсін өткен күнін аңсады ма.
Қабағын қолыменен көтерді де,
Арбиған қарап қойды саусағына.
Күйшіл қарт тұра алмады жаны шыдап,
Сырнайын жас жігіттің алды сұрап.
Бақандай саусақтары жоқ боп кетті.
Лапылдап көне көзде жанып шырақ.
Шал іштей әлдене деп күбірледі,
Құлаққа талып нәзік бір үн келді.
Әлде оның алыс қалған жастығы ма,
Ақықтай асау теңіз түбіндегі.
Бір кезде әлденеге елеңдеді,
Тұнық күй тулап шықты тереңдегі.
Тасырлап ботинканың табандары,
Көйлектер көз алдында көлеңдеді...
Қутыңдап қарап алып жан-жағына,
Шал тұрды жеткендей бар арманына.
Риза шығар, бәлкім,
кәрі кеуде,
Әлі де жастық оты қалғанына.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырнай өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сырнай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырнай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырнай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері