Айнат

Бұл бетте «Айнат» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1038
Десең сен кімді:
Өнерлі, әйбат?
Өзгеге үлгі,
Ол – біздің Айнат.
Десең сен:
– Қойған
Етікті майлап..
Доғарып ойнын,
Тыңдайды Айнат.
Десең сен:
– Шәйді
Кәнеки, қайнат,
Түсініп жайды,
Құптайды Айнат.
Десең сен:
– Жаным,
Бөлмені жайнат,
Еденнің шаңын
Сүртеді Айнат.
Десең сен:
– Келіп,
Бөбекті ойнат,
Ойыншық беріп,
Құптайды Айнат
Десең сен:
– Енді
Әніңді сайрат,
Ұйытып елді,
Шырқайды Айнат.
Десең сен кімді
Өнерлі, әйбат?
– Өзгеге үлгі,
Ол – біздің Айнат.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айнат өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айнат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айнат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айнат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері