Көк туы көк аспанда желбіреген – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Көк туы көк аспанда желбіреген» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1333
Көк туы көк аспанда желбіреген,
Аруы айдын көлдей мөлдіреген.
Мадақтап ұрпақтарын Ер түріктің,
Жаза алмай жүрмін әлі мен бір өлең.
Хан Кене, ер Махамбет қырандарым,
Кешегі Алашорда ұрандарын.
Ағайын, Астананың ар жағында,
Ұмытпа Түркістан мен Тұран барын.
Бабалар армандаған заман болсын,
Әр күнің болашаққа қадам болсын.
Ер қазақ, еркін қазақ, ерке қазақ,
Тәуелсіз елің, жерің аман болсын.
Бөрімен емшектес боп ер жеткенің,
Тастарда қалған ою-өрнектерің.
Санама сыр боп сіңген,
қайран дала,
Бесік боп бабаларды тербеткенің.
Жаныммен сүйем сені, ұлы далам,
Жүрегім сенсіз менің жылымаған.
Жыр болып қара түнде оралады,
Тереңге кеткен мұңлы сыры маған.
Ғұмырын қиған қанша ерлерім-ай,
Сол ерлер ұйықтап кеткен белдерім-ай.
Жанымды ауыртады,
даламыздан,
Бөлініп қалған қайран жерлерім-ай.
Басынан өткен небір заманалар,
Қанымен жазып кеткен маған олар.
Мұра ғып сол даланы,
білесің бе,
Аманаттап кеткенін саған олар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк туы көк аспанда желбіреген өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Көк туы көк аспанда желбіреген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк туы көк аспанда желбіреген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк туы көк аспанда желбіреген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері