Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 748
Сен менi жат көрмегiн, жат көрмегiн,
Ащы су болған шақта «тəттi» ермегiм.
Алланың көрген емен əлiмсақтан
Ақынға басыбайлы бақ бергенiн.
Қасыңнан ұшып кетсем қайта оралмай,
Қаларсың «қап...» деуiңдi айта да алмай.
Сергелдең, серiшатыс сейiлiмдi
Сен бе едiң жалғыз ғана байқағандай?
Дертiңе дауа iздеген сəттерiңде
Үңiлшi ұмыт қалған дəптерiме.
Сен сонда iздерсiң-ау Жалғызыңды,
Жайғасқан жүрегiңнiң нақ төрiне!..
Үңiлшi əр сөзiме, əр жырыма,
Тамсанған тамшыдайын таң нұрына.
Сен сонда тəуба айтарсың, бəлкiм, iштен
Табаны тайғанақтау тағдырыма.
Iздеме, жаным, менен жаттың жайын,
Алдымда ащы зəр мен тəттiм дайын.
Көзден хош, көңiлiңнен еш болармын,
Айналып көлден ұшқан Аққудайын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері