Әзәзіл

Бұл бетте «Әзәзіл» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3258
Жабылғанмен мәңгіге жер есігі,
Жүректерде жүреді ер есімі.
Жаңылмайсың өлген соң,
Әзәзілден
Тірі кезде көресің көресіні!
Оқасы жоқ!
Бақытты аңсап келіп,
Сүйгеніммен екеуміз алсақ бөліп.
Бір әзәзіл мақтау боп келеді де,
Бір әзәзіл келеді мансап болып.
Күнім,— дейді,— ол сені,
Гүлім,— дейді.
Кім екені сайтанның білінбейді.
Бір әзәзіл алтын боп көзіңді арбап
Бір әзәзіл қыз болып күлімдейді.
Mac қылмайды биліктің буы кімді!
Ұмытасың жақын мен жуығыңды.
Бір әзәзіл күміс боп,
Бір әзәзіл
Коньяк боп алады буыныңды.
Өрекпиді осылай, сірә, көңіл:
Сол баяғы қалпында бірақ өңір.
Байқайсың ба, бауырым, байқайсың ба
Әзәзілмен күрестен тұрады өмір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әзәзіл өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Әзәзіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әзәзіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әзәзіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері