Өнердегі жас қадам – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Өнердегі жас қадам» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4312
Өнердегі жас қадам
Көп нәрсені кеш білген.
Артық емен басқадан,
Кем де емеспін ешкімнен.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Жоғалмайтын сиямен
Жазсам болды нәрлі өлең.
Қарыз берер бай емен,
Қарыз алар жарлы емен,
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Болып кетті жеңешем
Бәйбішесі көрші үйдің.
Мінезі ауыр демесең,
Жүрегі аппақ жар сүйдім,
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Жалбарынып жер-көкке,
Жаббарға сөз салмадым.
Алсам алдым еңбекке,
Сақал сатып алмадым.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Кірсіз таза арым да,
Жоқ мойнымда қарызым.
Өзгеге айтпай дарындар
Маған айтады арызын.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Шертер болсам сырымды,
Жетем деймін мұратқа.
Талай-талай сүріндім.
Жығылмадым бірақ та.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Көп көрсем де елден мен,
Қызыққа әлі тойғам жоқ.
Ауру жиі келгенмен,
Ажал келе қойған жоқ.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өнердегі жас қадам өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Өнердегі жас қадам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өнердегі жас қадам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өнердегі жас қадам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері