Өзендердің — домбыра – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Өзендердің — домбыра» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2425
Қарашанақ
Аяулы ел бұл далаға гүл өсірген,
Гүлжамалдай мақташы қыз өсірген.
Қайсар ел бұл қашан да қиындықпен,
Беті қайтып көрмеген күресуден.
Ақсақ ел бұл басқаға сияқты арман,
Із жатыр жоталарда тұяқтардан.
Көзіне қуанышты ұялатып,
Кеудесінен сан тарау күй ақтарған.
Сен маған жалын бердің лапылдаған,
Мен саған келсем болды батылданам.
Өзендердің — домбыра қара шанақ,
Құлағын бұрап кеткен батыр бабам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері