Өлең, жыр, ақындар

Дүниені жапқанда қараңғылық

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 528
Дүниені жапқанда қараңғылық,
Мазалайды түсіме Арал кіріп.
Не жаздым деп қараймын айналама,
Көңілімде жоқ қылау, арам қылық.
Бермеген соң не қажет өмір опа,
Жүрек сыздап, ми мұздап, көңіл – қапа.
Азияның қарайды ажарына,
Аяушылық сезіммен Еуропа!
Қандай қырсық төтеннен жолықты кеп,
Булығады ызаға толып жүрек.
Келер ұрпақ аңыз ғып айтар ма екен,
«Баяғыда... бір теңіз болыпты!» – деп.
Қар жауғандай көңілге қарашада,
Қажыттың-ау жүрекке жара сала.
Қанатымен су сепкен қарлығаштай,
Қалай ғана түсемін арашаға?
Жердің әбден құлазып тозғанынан,
Айрылғандай аяулы боздағынан.
Туған жерін тәрк етіп барады жұрт,
Жеріп кеткен құландай өз қағынан.
Қадірліңе қарашы, қарайлашы,
Мансап емес, шен емес, ар ойлашы!
Оспадарсыз ожардың қолы тиіп,
Быт-шыт болған жерімнің шарайнасы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниені жапқанда қараңғылық өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Дүниені жапқанда қараңғылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Дүниені жапқанда қараңғылық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниені жапқанда қараңғылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері