Өлең, жыр, ақындар

Өткен күнді

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 518
Өткен күнді
Енді қайтып қоштар кім?!
Қызығына түстім әбден жоспардың.
Көз боядық, сөз боядық ұрандап,
Асуларын алу үшін асқардың.
Билігі бар кісі болса бас ұрып,
Ел алдында артық-кемін жасырып.
Жөн-жосығын байқамастан, білместен
Айтқан сөзін істей бердік асығып.
Тақта отырған тәңіріден кем көрмей,
Болдық оған сенбесек те сенгендей.
Ол дағы бір ауру еді – дерт еді,
Сол бір дерттен жүре бердік емделмей.
Немен тынды енді соның аяғы,
Мұхит-көлдер таусылуға таяды.
Су тартылып,
Таулар тозып,
Жер азып,
Жүдеп қалды
Жасыл белдер саялы...
Етек-жеңін жия алмады ел-халық,
Одан гөрі жағымпазды қолдадық.
Жоғарыға, көпе-көрнеу өтірік,
Жалған жоспар үсті-үстіне жолдадық.
Кабинеттен шықпаса да қос қадам,
Аралды айтып әлдекімдер «қақсаған».
Алпауыттар,
Апайтөстер көбейді
Жалпақ елді жанарымен жасқаған.
Жатты халқым қапаланып, зар қағып,
Біле тұрып Аралға да бармадық...
Одан гөрі саясы көп, бағы көп,
Қара теңіз,
Қырым, Кавказ шарладық...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен күнді өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Өткен күнді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өткен күнді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен күнді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері